"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша бөлімі Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Свободное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты "Қашықтықтан оқыту"

29.04.2020

Тақырыбы: Қашықтықтан оқыту

Мақсаты: 1.Мектептегі қашықтықтан білім берудің жолдары

  • 2020 жылғы 6 сәуір  мен 22 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып,оқуға көшеді.
  • Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту интернет ресурстар мен ТВ сабақтар арқылы жүзеге асырылатын және оқу процесіне тән компоненттерді қамтитын мұғалім мен білім алушылардың  қашықтықтан өзара әрекеттестігі

ТВ -САБАҚТАРЫ

1-11 сыныптардағы оқу пәндері бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізілетін болады.Барлық білім беру деңгейлеріндегі пәндер бойынша қазақ және орыс тілдерінде сабақ берудің эфирдегі уақыты сағат 09-00 ден 15-00 ге дейін

Қашықтықтан пайдаланатын технологиялар

1. Электрондық журналдар мен күнделіктер kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz - бейне-сабақтарды, сандық білім беру ресурстарын орналастыру, білім алушыларға үй тапсырмасын беру және кері байланысты жүзеге асыру үшін қолданылады (мұғалімдердің түсініктемесі мен  ұсыныстары, хабарландыру түрінде ата-аналарды ақпараттандыру, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды жүргізу, білім алушыларға үй тапсырмасын беру және оны онлайн тексеруді ұсыну, қысқа және кеңейтілген түсіндірмелер түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.)

Электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесінде Kundelik.kz адресінде онлайн білім беру үшін нұсқаулықтар, құжаттамалар және видеонұсқаулықтар салынады: https://portal.kundelik.kz/kz/c/355-instruktsii-po-udalennoi-rabote.

Мектеп оқушысы

  • қолжетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-сабақтардың кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;
  • -күн сайын кестеге сәйкес ТД-сабақтарының трансляциясын, сондай-ақ пән мұғалімі көрсеткен барлық қолжетімді электрондық платформаларды қарауға міндетті;
  • - күнделікті тапсырмаларды өз бетінше орындайды, соның ішінде орта білім беру ұйымдары белгілеген қолжетімді байланыс құралдарын пайдаланады;
  • -сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады;
  • - пән мұғалімінің түсініктемесінен кейін қателермен жұмыс жасайды;
  • күн сайын электронды күнделікте жеке кабинетке, электронды поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына кіреді;
  • - күнделікті орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары (электронды күнделіктер, электрондық пошта, Whatsapp чаттар және т. б.) арқылы, сканерлеу (немесе фото) түрінде педагогтердің талаптарына сәйкес ұсынады;
  • - оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;
  • - қосымша электрондық білім беру ресурстарын пайдаланады.

cсылка

Просмотров: 1202


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст