«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің Свободный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Свободненская средняя школа отдела образования Есильского района Акмолинской области»

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

"Про язык"

МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ — ХАЛЫҚ БIРЛIГIНIҢ НЕГIЗГI ФАКТОРЫ

 

Жақында Свободный орта мектебі КММ тілдер күніне байланысты мерекелік іс шаралар өтті.

Демек, елдегi өзге ұлт өкiлдерiнiң ендiгi мақсаты — мемлекетке атын берген жетекшi де, негiзгi ұлт қазақ мәдениетiнiң төңiрегiнде топтасу. Қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл ретiнде мойындай отырып, саяси лояльдылықтан, лингвистикалық лояльдылық сатысына өту. Бұған дейiнгi елдегi тыныштықтың саяси курстың дұрыс таңдалып алынғандығынан және титулды ұлттың төзiмдiлiгi мен толеранттылығының арқасында болып отырғандығы дәлелдеудi қажет етпейтiн қағида. Ендiгi таңда қазақ тiлiнiң бiрiншi аренаға шығатындығын мiнбеге шыққан әрбiр адам ерекше ежiктедi. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қоғамын бiр жұдырыққа жұмылдырудың ең басты тетiгi — мемлекеттiк тiл екендiгiн бұл жолы да баса көрсеттi: «Мемлекет барша қазақстандықтардың қазақ тiлiн бiртiндеп үйренуi үшiн барлық жағдайларды жасап отыр. Ендi Қазақстан халқы ассамблеясы ел халқының мемлекеттiк тiлдi меңгеруiнiң жалпыұлттық үдерiсiне басшылық жасауы керек. Ол үшiн ешкiмге қысым жасамай және ешкiмдi төмендетпей, қажеттi шаралар кешенiн жүйелi де табанды жүзеге асыру қажет. … Мемлекеттiк тiл — ол халық бiрлiгiнiң негiзгi факторы» дедi баяндамасында.

Ассамблея бұған дейiн қазақ мәдениетiн насихаттауда, мемлекеттiк тiлдiң рөлiн асқақтатып, оның мемлекеттiк мәртебесiн жүзеге асыруда айтарлықтай белсендiлiк таныта қоймағаны белгiлi. Бұған ұлттық мәдени орталықтың жетекшiлерiнiң кейбiрiнiң тарапынан қазақ тiлiн төрге оздыру мақсатында қолға алынған бiрқатар шара сыналып, «елдегi аз санды ұлт қысымға ұшырап жатыр» деп байбалам салатындығы да жасырын емес. Ендi мұндай мәлiмдемелерге жол берiле қоймайтын сияқты.

Әрине, интеграцияның басты қағидасы не болуы керек? Бұл төңiректе «Америкалық қалып» көп әңгiме болды. Әрине, Америкада «американдық ұлт» салтанат құрып, жұрттың басым бөлiгi ағылшын тiлiнде сөйлейтiндiгi мәлiм. Алайда, бұның Қазақстан моделiне жат екендiгiне назар аударылмады. Қазақстан ерте ме, кеш пе бiр мәдениет төңiрегiнде топтасып, бiр ұлт жасақтауға баратындығы ақиқат. Бұл ретте американдық тәжiрибенi жиi ауызға ала берудiң астарында күнi ертең бөтен ұлттың, отаршыл империяның тiлiнде сөйлеп кету қаупi әлi де жатқан сыңайлы болады да тұрады. Әрине, бұл мәселенiң қоғамда қызу пiкiрталас тудырып жатқаны мәлiм. Жұрт әлi де «қазақстандық» және «қазақ» ұлты төңiрегiнде айтысуда. Және бұл ретте өзге емес, қазақтардың өзi бiр тоқтамға келе алмай отыр. Демек, интеграцияның келесi сатысы — ұлттық идентификация мәселесi әлi де пiсiп-жетiлудi қажет етедi. Бұл сатыға барар жолда, әуелi қазақ тiлiн төрге оздыру мiндетi тұрғандығы айқын.

– Бүгiн Елбасы өз сөзiнде «ұлтаралық қарым-қатынас тiлi бүгiнде орыс тiлi, күндердiң күнiнде бұл мiндеттi қазақ тiлi атқаратын болады» дедi. Бұған не дер едiңiз?

– Әрине, бұл солай болуға тиiстi. Бiздегi титулды ұлт – қазақтар. Америкаға барғаннан кейiн, бiз испан немесе португал тiлiнде сөйлемеймiз ғой. Онда тек ағылшын тiлiнде сөйлейтiн боламыз.

– Онда титулды ұлт ағылшындар емес қой.

– Бiрақ, мемлекеттiк тiл ағылшын тiлi. Демек, бұған жету үшiн әлi де уақыт қажет. Мемлекет қазақ тiлiн дамыту мақсатында қаншама қаржы бөлiп жатыр. Ал, проблема неде? Ең бастысы – адамның қазақ тiлiн үйренуге деген ынтасында. Екiншiден, тiлдi үйрету методикасында. Бiздiң методикамыздың барлығы өте ауыр, тым болмағанда тұрмыстық деңгейде қазақ тiлiн үйренiп шығуға болатындай әдiстер әзiрге жоқ. Мен өз басым жас кезiмде әкеммен бiрге жайлауға барған едiм. Сонда тамақ әзiрлейтiн шопанның әйелiмен сөйлесiп жүрiп, қазақша әжептәуiр үйренiп алдым. Яғни, тiлдi үйренудi өте қарапайым нәрседен бастау керек.

– Бәлкiм тiл менеджментiнiң дұрыс жолға қойылмауынан осындай деңгейден аспай отырған шығармыз?

– Мәселе өте күрделi. Мысалы, ағылшындардың отарында болған Үндiстан әлi күнге ағылшын тiлiнде сөйлейдi. Әрине, Кеңестер басқарған жетпiс жыл iшiнде қазақ тiлi қай салада болса да кенже қалды. Осы уақыт аралығында коммуникация мен ғылым тiлiнде жаңа терминдер пайда болды. Өзге тiлдерден терминдер ендi. Қазiр осының қазақша баламасын табу қиынға айналды. Бiрақ, бұл шешуiн таппайтын проблема емес. Екiншi мәселе – адамның өзiне байланысты. Қазiр, әрине, бұл салада қозғалыс жоқ деп айтуға болмайды. Қазақ тiлiнде киноөнiмдер молая бастады, телерадио өнiмдердiң қазақшасы көбейдi. Демек, Елбасымыз айтқандай, бұл iсте сәл шыдамдылық таныту керек.

– Ендi қанша шыдау қажеттiгiн айта аласыз ба?

– Бұл бiр Аллаға ғана аян.

– Егер, есiңiзде болса, ассамблея бiр кездерi «Қазақстан халықтары ассамблеясы» деп аталды. 2006 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясы» деп өзгертiлдi. Демек, қазақстандықтардың бiр ел, бiр ұлт болу процесi уақыт өзi тудырған қажеттiлiктен туындап отыр. Бұл процеске барар алдында ұлт дегенiмiздiң анықтамасына үңiлу керек. Бiзде әлеуметтiк және саяси анықтама бар. Өте ежелден келе жатқан анықтамаға үңiлер болсақ, ұлт дегенiмiз бiр аумақта өмiр сүретiн, бiр тiлде сөйлейтiн, бiр мәдениеттiң төңiрегiнде топтасқан адамдар жиынтығы. Яғни, қазақстандық ұлтқа айналу үшiн бiзге әлi де уақыт керек. Ең бастысы, ортақ территориямыз бар. Ортақ тарихымыз қалыптасып келедi. Ортақ тiлдi де

дамыту үстiндемiз. Мә дениетiмiз де бiр арнаға тоғысуда.

5-8сыныптар арасында МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ — ХАЛЫҚ БIРЛIГIНIҢ НЕГIЗГI ФАКТОРЫ

Атты жарыс өтіп балалар тең дәрежеде аяқтады.   Жарыстың командалары марапатталып ,тарқасты

Страница создана: 27.02.2020 11:09
Страница обновлена: 27.02.2020 11:09

Текст