Ұйымдар тізімі

1. Қаржылық сауаттылық
Бюджетті жоспарлай білу, активтер мен пассивтердің айырмашылығын түсіну, банк карталары, салықтар және кэшбэк қалай жұмыс істейтінін білу.
2. Уақытты тиімді басқару
Басымдықтарды дұрыс қоя білу (мысалы, Эйзенхауэр матрицасын қолдану), оқу, демалыс және ұйқыға жеткілікті уақыт бөлу. Күніне кемінде 7 сағат ұйықтаудың маңызын түсіну.
3. Сыни ойлау
Ақпараттың шынайылығын тексере білу, жалған ақпаратты шынайы ақпараттан ажырату, жарнамадағы және әлеуметтік желілердегі манипуляцияларды байқай білу.
4. Негізгі тұрмыстық дағдылар
3–5 қарапайым тағам дайындай білу, киім жуу және киімдегі жапсырмадағы белгілерді түсіну, ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау және ата-ананың бақылауынсыз өз бөлмесі мен заттарының тәртібін сақтай білу.
5. Цифрлық этикет және қауіпсіздік
Жұмыс және оқу чаттарында қарым-қатынас жасау ережелерін білу, жеке мәліметтерді қорғау және «интернетте жарияланған ақпараттың ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін» түсіну.
6. «Конструктивті түрде бас тарта білу» дағдысы
Өз мүддесіне сай келмейтін ұсыныстарға немесе қажетсіз тапсырмаларға қарым-қатынасты бұзбай, сыпайы түрде «жоқ» деп айта білу. Бұл – «Бас тарту» ойынында талқылаған дағды.
7.Эмоциялық интеллект
Өз эмоцияларын (ашу, алаңдау, қуаныш және т.б.) тани білу және күйзелісті қауіпсіз әрі дұрыс жолмен жеңе білу. Мысалы, тыныс алу жаттығуларын қолдану.
8. Көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі
Өз ойын аудитория алдында немесе сұхбат кезінде қысқа әрі түсінікті жеткізе білу. Өзін «1 минут ішінде таныстыра» алу.
9. Алғашқы көмек көрсету негіздері
Күйік, естен тану немесе жарақат кезінде не істеу керектігін білу және қажет болған жағдайда жедел қызметтерге нақты әрі түсінікті түрде хабарласа білу.
10. Өздігінен білім алу дағдысы
Қай тәсілмен оқу өзіне тиімді екенін түсіне білу: бейне, мәтін немесе тәжірибе арқылы. Жаңа білім мен дағдыларды өздігінен және тиімді меңгере білу.
Ата-аналарға маңызды:
Баланың дербестігі 18 жаста бірден қалыптаспайды.
Ол күнделікті шағын тапсырмалар, таңдау жасау және жауапкершілік арқылы біртіндеп қалыптасады.
Бала өзі орындай алатын істі оның орнына орындауға асықпаңыз.
Сіздің міндетіңіз — қасында болу, бағыттау, қолдау көрсету және біртіндеп дербестікке үйрету.