|
|
Педагогтерді аттестаттаудан |
Нысан
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2026 № 190-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі |
||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары |
|
2. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
Жоқ |
|
3. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
"Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы" цифрлық объектісі (бұдан әрі – Платформа); eGov.kz "Цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал); |
|
4. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: бір жұмыс күні |
|
5. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
|
6. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған құжаттарды қабылдау туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту хабарламасы. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде көрсетіледі |
|
7. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
8. |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Веб-портал және Платформа арқылы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
9. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өтініш; 2) білім туралы диплом (цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда); 3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса); 4) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда); 5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; 6) берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін); 7) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар; 8) білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар; 9) эссе (250–300 сөз). Жеке басын куәландыратын құжаттар, білімі және еңбек қызметі туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен цифрлық үкімет шлюзі арқылы алынады. "Педагог-модератор", "педагог-сарапшы" біліктілік санаттарына аттестатталушылардың 3), 5), 6), 7), 8) тармақтарда көрсетілген құжаттары Платформада жинақталады. |
|
10. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; 2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі; 3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. |
|
11. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Аттестаттау оқу жылында 1 рет өткізіледі. Аттестаттауға өтініш білім беру саласындағы уәкілетті органдар айқындаған мерзімдерде қабылданады. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау ағымдағы оқу жылының қаңтар-тамыз айлары аралығында өтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz. көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777, болған жағдайда веб-порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz. |