"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша бөлімі Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Свободное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абайла, жұқа мұз!

30.10.2020

 Абайла, жұқа мұз! 
Мақсаты:Оқушыларға мұз қауіпсіздігін есте сақтауға, берілген ескертулермен, ережелер белгілерімен таныстыру, нұсқауларды дұрыс орындауға тәрбиелеу. Өзара ой бөлісу, ойлау, қорытындылау қасиеттерін дамыту. Өз денсаулығының бағалы байлық екендігіне көз жеткізуге жағдай жасау.

Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару.

- Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау, аңға шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде, ұшақтар мен поездтар апатқа ұшырағанда т.б.

-Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды. Ол жеңілтектік, білімсіздік, ырықсыздарды қатты жасайды. «Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіпкеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарырн, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

-Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 гардус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады.

-Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз- мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздыңүстімен аяқ астында майда жарықшақтар мен жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмасы жүруге болады. 
Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат.Қан қасымы ми жиілігі анықталмаған жағжайда жасанды түрде «ауыздан-ауызға» жасау қажет немесе бір мезгілде жүрегіне массаж жасау қажет. 
Мұз үстінде жүру ерекшеліктері: 

  • қатпаған мұз үстінде шықпаңдар; 
  • мұз үстінде топ болып тұрамау керек; 
  • мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз; 
  • биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз; 
  • мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз; 
  • мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз; 
  • өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер 

Егер аяғыңыздың астында мұз жарылсы: 
Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз. 
Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз:  Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз.Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарф т.б. лақтыру керек. Мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б. Зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт.Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.

Есіл ауданының аймақтық қоғамдық ұйымының ұсыныстары мен «Свободный орта мектебі» КММ-нің бекітілген жоспары бойынша "Абайла, жұқа мұз!" атты іс - шара өткізілді:

  • Сынып сағаты өткізілді 1-9 сынып аралығында;
  • Кітапшалар таратылды 1-3 сыныптарына;
  • Сауалнама өткізілді 

Директордың тәрбие

жұмысының орынбасары:  Шурыкпаева Г.Ж.

 

Просмотров: 1094


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст