"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша бөлімі Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Свободное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасы Күні

14.09.2020

 

«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің

Свободный ОМ» КММ бойынша Отбасы Күнін мерекелеу

 іс-шараларын өткізу бойынша   Есеп

Мектепте Отбасы Күнін өткізудің мақсаты, отбасына деген құндылық қатынасты тәрбиелеу;  отбасылық қатынастардың жағымды тәжірбиесін қалыптастыру және мектеп пен отбасы арасындағы жемісті ынтымақтастықты орнату. Педагогтардың негізгі міндеттерінің бірі отбасымен жағымды қарым-қатынас өрісін кеңейту және ынтымақтастықты нығайту, ата-аналарды мектептің оқу-тәрбие процесіне тарту, «ата-аналар – балалар – мұғалімдер» біртұтас білім кеңістігін құру. «Свободный ОМ» КММ қабырғасында Отбасы Күнін  мерекелеуде ата – аналармен, оқушылармен және мұғалімдермен іс – шаралар ұйымдастыру болды (қалыпты режимде және қашықтан).

«Менің отбасым – менің қорғаным», «Сенің отбасың – сенің тылың», «Жеті плюс Мен», «Отбасы және отбасы құндылықтары» тақырыбында сынып сағаттары сынып жетекшілерімен өткізілді, мұнда балалар бақытты және толыққанды отбасы туралы білімдерін тереңдете түсті, әрқашан отбасында және әр уақытта сүйіспеншілік, мейрімділік, өзара түсіністік пен сыйластық болғанын,  әр адамның өз отбасы болуы керек екенін білді.

Пән – мұғалімдерімен  5 – 11 сыныптар арасында «Ең бастысы үйдегі ауа – райы», «Отбасым менің үмітім және тірегім» тақырыбында шығармашылық конкурсы ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Отбасылық мұрағаттан», «Отбасылық альбом» тақырыбында презентация конкурсы  жарияланды. Мұнда оқушылар белсене қатысты, ал ең үздік қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.

«Менің отбасым» қашықтық бейнеролик конкурсы өтті.

7 қыркүйекте мектепте 1-4 сыныптардың балалармен ата – аналар қатысқан  «Бақытты отбасы» тақырыбында фотосурет конкурсы өткізілді. Фотосурет конкурсында барлық отбасы фотогазет дайындауда  шығармашылықпен дайындалған және шеберліктерін көрсеткен. Фотосурет конкурсының қортындысында барлық қатысушылар номинация мен мадақтамалармен марапатталды.

Педагог – психолог Сизоненко О.А. «Ана бейнесі – баланың жеке басын сәтті әлеуметтендірудің кілті»  тақырыбында ата – аналар жиналысы ұйымдастырылып және өткізілді. Әр ата –ана өз баласын тәрбиелеу бойынша психологиялық – педагогикалық ұсыныстар алды.

Қортынды конкурста Отбасы Күнін мерекелеуге арналған «Менің отбасымның тегі» тақырыбында шығарма жазды.

Отбасы Күні құрметіне ата – аналар комитетімен «Сыйлық»  қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Балаларға арналған кеңсе жиынтықтары, портфелдер, ойыншықтар (13000 теңге сомасында) түрінде сыйлықтар жасалды.

Өткізілген шаралар туралы ақпараттар әлеуметтік желілер мен мектеп сайтына жіберілді. 

ТЖ бойынша орынбасардың орынбасары:   Г.Мутафиди

 

  

  

Просмотров: 577


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст