Күні: 20.02-05.03.2018ж
Тақырыбы: «Өмірге әрқашан «иә» де!»
Мақсаты: оқушылардың өмір туралы
көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны
қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.
Міндеті:
·
Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;
·
оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге
және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей
білуге үйрету;
·
Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият
болуға тәрбиелеу;
·
Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын
қалыптастыру.
Қатысушылар: 5 «а»сынып оқушылары
Жұмыс түрі: топтық жұмыс, жеке жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, арнайы
слайд, баяу орындалатын әуен, түрлі-түсті қарындаш, фломастерлер, А4 қағазы,
ватман, гүл шоқтары.
20.02.2018-05.03.2018ж күндер аралығында балалармен «Өмірге әрқашан «иә»де!»атты 10минуттық іс-шаралар өткізілді. Әр күні балаларға түрлі тапсырмалар мен ойындар және пайдалы
кеңестер айтылды.Балалар түгелімен дерлік жақсы ат салысып,топпен және жеке
жақсы жұмыс жасады.