"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша бөлімі Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Свободное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019 - 2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы

05.05.2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20324 болып тіркелді

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

       1. Оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері белгіленсін:

      1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының аяқталуы - 2020 жылғы 25 мамыр;

      2) 9 (10) сыныптар білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары - 2020 жылғы 27 мамыр мен 6 маусым;

      3) 11 (12) сыныптар білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары - 2020 жылғы 28 мамыр мен 30 маусым.

      2. 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімдерде өткізіледі:

      1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) - эссе түрінде жазбаша жұмыс, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін - мақала/ әңгіме/ эссе түрінде жазбаша жұмыс - 2020 жылғы 27 мамыр;

       2) математикадан жазбаша емтихан (алгебра) - 2020 жылғы 30 мамыр;

      3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан - 2020 жылғы 2 маусым;

      4) таңдау пәні бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/ неміс), информатика) жазбаша емтихан - 2020 жылғы 5 маусым.

      3. 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімдерде өткізіледі:

      1) ана тілі және әдебиеті (оқыту тілі) бойынша эссе түрінде жазбаша емтихан - 2020 жылғы 28 мамыр;

      2) орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі бойынша және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу - 2020 жылғы 1 маусым;

      3) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан - 2020 жылғы 3 маусым;

       4) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан -2020 жылғы 6 маусым;

      5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын/ француз/ неміс), информатика) тестілеу - 2020 жылғы 8 маусым.

      4. Білім алушыларды қайта қорытынды аттестаттау 2020 жылғы 10-30 маусым аралығында өткізіледі.

      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті:

      1) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін емтихан тапсырмаларының пакеттерін дайындауды және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдарындағы 9 (10) және 11 (12) сыныптарының білім алушылары үшін 2020 жылғы 23 мамырға дейін жеткізуді;

       2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

А. Аймагамбетов


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

ссылка

Просмотров: 694


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст