Мейірімділік пен қайырымдылық
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті
сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін... т.б.
Алғыс сөздері: Рахмет, досым! Өркенің өссін! Бақытты бол, айналайын! Арманыңа жет! Сау болсын! Көсегең көгерсін! Аман барып, сау қайт!
Ойын. Қағаз қиындыларын карточка қылып қиып, қою керек.
·
–Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, алғыс білдірушілік сезімі
·
–Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі,
·
«Рахмет» -қасиетті сөзді жиі айтамызба? Қай уақытта?
Сұрақ жауап: Оқушыларға сұрақ қойылады, жауап алынады. Дұрыс жауапқа жетон беріледі.
Сұрақ: сен бөлмеде отырсың, бөлмеңе үлкен кісі кіріп келді, сен не істейсің?
Жауап: Орныңнан тұрып, орындық беріп, өзің жанына отыр.
Сұрақ: Көшеде келе жатырсың, бір үлкен адамды көрдің, сенің әрекетің?
Жауап: Амандасу, сәлемдесу.
Лашын:
Жақсы болу – болу өзіңнен, «Мен қандаймын?» деп ойла,
Жаман – болу өзіңнен. Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңді өзің ая да, Өзіңсің – ақыл айнасы.
Өзің үйрен, өзіңнен. Тиеді саған мәні бар
Жақсылық көрсең біреуден, «Өзіңді тану» пайдасы
Інкар: Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Қайырымды бола білу үлкен іс,
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін -ол жеңіс.
Ерасыл: Жақсыға қылған жақсылық
Өміріңде тозбайды
Жаманға қылған жақсылық
Бір күнгідей болмайды
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз
Ерасыл: Мейірімділік- жүректен
Мейірімсіздік- білектен
Перизат: Жақсылыққа жақсылық
Әр адамның –ісі
Жамандыққа жақсылық
Ер адамның ісі
Мираль: Қайрымдылық жасасаң
Қайрымын өзің көресің