Текст
Мұғалімдер күні-әр педагогтың көптен күткен кәсіби мерекесі!
Біздің Есіл аудандық кәсіподағының ұстаздарына деген қамқорлығын ерекше атап өткен жөн. Мұғалімдер күніне орай "Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Свободный а ЖББМ"КММ мұғалімдері:
Майда Нұрбайқызы, Татьяна Анатольевна, Ольга Анатольевна еңбектерінің бағалануына байланысты басты сыйлық DISCOVERY BOROVOE сауықтыру демалысы жолдамасы берілді.
Біз "Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ кәсіподақ төрағасы Алмас Камелұлы Ашеновқа ауданымыздың педагогтарының мәртебесіне көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін қуаныштымыз және алғысымызды білдіреміз.