"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша бөлімі Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Свободное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мемлекеттік тілді азаматтық сананы қалыптастырудың, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыты ретінде дамыту"

28.02.2022

25 ақпан күні "Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Свободный ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында "Ақмола облысы Білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім беру бөлімі" ММ әдіскерлерінің, №1, №2, №3 қала мектептерінің, с.Серіков атындағы мектептің, Раздольный, Красивинский, Ақсай ауыл мектептерінің мұғалімдерінің қатысуымен Гуманитарлық циклдің аудандық семинары өтті. Семинар жұмысына барлығы 18 адам қатысты. Семинардың тақырыбы:"Мемлекеттік тілді азаматтық сананы қалыптастырудың, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің негізгі бағыты ретінде дамыту". Семинардың негізгі мақсаты: заманауи кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін тілдік пәндер мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін анықтау және танымал ету, олардың педагогикалық шеберлігін арттыру.
Семинар барысында оқытушылар С.К. Жалғасбаева – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Н.Б. Байдильдина – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, М. Н. Ильгундинова – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Г. М. Мутафиди – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі өзшеберліктерін көрсетті.

Соңында "Ашық микрофон" түрінде рефлексия жүргізілді, онда гуманитарлық цикл бойынша білім бөлімінің әдіскері А.С. Мусина және семинарға қатысқан мұғалімдер сөз сөйледі. Кері байланыс пен ұсыныстар берілді. Аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Д.Г. Хангишиева өткізілген семинарға оң баға берді, ол іс-шараның тақырыбына толық сәйкес келеді. Семинарды ұйымдастырушылар қойған мақсатқа қол жеткізілді. Семинарды ұйымдастыру және өткізу бойынша мектеп ұжымының бірлескен, ұйымшыл жұмысы атап өтілді. Барлық қатысушыларға семинар қатысушыларының сертификаттары және өткізілген сабақтардың әзірлемелері бар буклеттер берілді.
Мектеп әкімшілігі мен ұжымы А.К. Ашенов атынан аудандық кәсіподаққа семинар дайындауға көмектескені үшін алғыс білдіреді. 
Бұл семинар-педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру және педагогикалық тәжірибемен алмасу мүмкіндігі, сондықтан семинарға қатысушылар осындай семинарларды өткізу түрінде тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастықты жалғастыру қажет деген ортақ пікірге келді.

Просмотров: 576


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст