"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша бөлімі Свободный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Свободное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің сүйікті кітабым» шығармашылық конкурс өткізу туралы ереже

21.01.2021

1.1. «Менің сүйікті кітабым» конкурсы «Свободный ОМ» КММ-нде  «Оқу мектебі» жобасын жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.  5-11 сыныптар.

1.2. Кокурстың мақсаты:  оқушыларды  көркем, әдеби мұраға тарту, олардың рухани, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерін қалыптастыру.

1.3. Конкурстың міндеттері:

- оқушыларды оқуға тару;

- жасөспірімдер арасында олардың зияткерлік, шығармашылық және тұлғалық дамуының негізі ретінде оқуды қолдау;

- дарынды оқырмандарды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

2. Кокурсты өткізу шарттары

2.1. Конкурс 2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап 25 қаңтарға дейін өткізіледі.

2.2. Конкурс  екі  номинация бойынша өткізіледі:

- «Менің үй кітапханамның кітабы» - кітаптың презентациясы;

- «Мен сізге кітабым туралы айтып беремін …» -  әдеби шығармашылық жұмыс (кітапша, реферат, сурет және т.б.);

3. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға қойылатын талаптар

3.1. Конкурсқа ұсынылған барлық жұмыстардың келесі деректері бар титулдық парағы болуы керек: номинация, жұмыстың атауы,  дербес деректер (аты-жөні,  сынып).

3.2. Байқауға қатысу үшін ұсынылған материалдар мектеп кітапханасына жіберіледі.

4. Жұмыстарды бағалау критерийлері

4.1. Шығармашылық жұмыстарды қарастыру кезінде келесі критерийлер ескеріледі:

      - конкурс талаптарына сәйкестік;

      - мазмұндау логикасы, жұмыстың мазмұндылығы, сауаттылығы;

- ерекшелігі мен креативтігі;

- дербестік жұмысты орындауы..

5. Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Әр номинацияда үш жүлделі орын анықталады.

5.2. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз-қатысушылардың жұмыстары әлеуметтік желілерде, мектеп сайтында жарияланады.

5.3. Байқау нәтижелері бойынша номинациялар бойынша жеңімпаздар дипломдар алады.

Жауаптылар:

Мектеп кітапханашысы   Копылова Г.В.

Орыс тілі мен әдебиеті және қазақ әдебиеті мұғалімдері: Садардинова Т.А., Меркер Н.А., Мутафиди Г.М., Байдильнина Н.Б., Ильгундинова М.Н.

Просмотров: 690


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст