Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны ұйымдарда сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау жарияланады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіруі мүмкін:
1) жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері қатысты;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен;
5) қайырымдылық жасаушылар (болған жағдайда).
Қамқоршылық кеңестің өкілеттіктері
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
2) білім беру ұйымының Жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;;
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді ;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру мәселелері бойынша шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымына түскен қаржы қаражатын бөлуге қатысады және оны мақсатты жұмсау туралы шешім қабылдайды;
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді ;
7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешімді келіседі және шығарады;
9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметтерін сапалы көрсету туралы, қайырымдылық көмекті пайдалану және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасына орналастыру бойынша қабылданатын шаралар туралы есептерін тыңдайды.
10) білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымының қызметімен, Білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне берілген жағдайлармен танысады, олармен білім беру ұйымының психологының қатысуымен әңгіме өткізеді;;
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 күн.
Мына нөмірге хабраласуға болады (қабылдау) телефоны: 24 -4 -13().
Электронды мекенжай: svob87@yandex.ru
Мектеп директоры Н. Меркер